Ел жаңалықтары

Петропавл әуежайы жарамдылық сертификатының өтіп кетуіне байланысты жолаушыларды қабылдай алмайды

  • Петропавл әуежайы жарамдылық сертификатының өтіп кетуіне байланысты жолаушыларды қабылдай алмайды

    Петропавл әуежайы жарамдылық сертификатының өтіп кетуіне байланысты жолаушыларды қабылдай алмайды

Петропавл әуежайының қауіпсіздік сертификатының мерзімі өтіп кеткен. Осыған байланысты Қазақстанның солтүстік әуежайына ұшатын рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Qazaq Air әуекомпаниясының сайтында Петропавл қаласына жоспарланған рейстердің тоқтатылатыны туралы мәлімет пайда болған.

 "2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Петропавл әуежайының жарамдылық сертификатының қолданылу мерзімінің тоқтатылуына байланысты QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2021 жылғы 1 желтоқсан мен 31 желтоқсан аралығындағы барлық рейстердің (IQ437 және IQ438) тоқтатылатыны туралы хабарлайды", - делінген ақпаратта. Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылған. Ақшаны қайтарып алу үшін билет сатып алынған жерге бару қажет.

Тамыз айында Qazaq Air Нұр-Сұлтан – Петропавл бағыты бойынша және кері қайту рейстерін қалпына келтірген еді.

Жергілікті басылым атап өткендей, бұған дейін желтоқсан айына жоспарланған Петропавл - Омбы – Новосибирск бағыты бойынша күтілетін халықаралық рейстер де кестеден жоғалып кеткен.

Түркістан-Петропавл бағытына билеттерді SCAT сайтында әлі де сатып алуға мүмкіндік бар, бірақ жақын арада олар да өзгеруі мүмкін деп қорытындылайды басылым.




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.12.2021, 16:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31