Ел жаңалықтары

Петропавл халықаралық әуежайы банкрот деп танылмақ

  • Петропавл халықаралық әуежайы банкрот деп танылмақ

    Петропавл халықаралық әуежайы банкрот деп танылмақ

Петропавл халықаралық әуежайы қызметкерлері бірнеше айдан бері еңбекақысыз отыр. Олардың алашағы 24 млн теңгеге жуық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл халықаралық әуежай қызметкерлері онлайн түрде өткен өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қоғамдық қабылдауына қатысты. Мамандардың айтуынша, елде карантиндік шектеулер енгізілгелі олардың жағдайлары қиындаған. Қазір компания қызметкерлеріне еңбекақы бойынша 24 млн теңге шамасында берешек.

«Екі айдың ішінде әуежай банкрот деп танылу үшін арнайы процедураны өтеді. Компания «Солтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының балансына өтеді. Яғни, мемлекет меншігіне алады. Келер жылдың бюджетіне әуежайды ұстауға қажет қаражатты енгіздік. Барлық шығын жергілікті бюджет есебінен өтеледі», - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов. Нәтижесінде бұрынғы рейстерден бөлек, жаңа бағыттар бойынша да ұшақтар шығарылмақ. Мамандардың жұмыс орны сақталып қалады және еңбекақылары да өспек.

Петропавл халықаралық әуежайы осыдан 4 жыл бұрын күрделі жөндеуден өтті. Қазір Петропавл халықаралық әуежайынан Астана, Алматы, Шымкент қалаларына ғана рейстер бар.




Көрілген: 144    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 11:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30