Петропавл қаласының әкімі үйқамаққа алынды: Әкімдік ақпаратты түсіндірді

30 мамыр 2022, 23:22

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков үйқамаққа алынды деген  ақпаратты әкімдік жоққа шығарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

"Болат Жұмабеков қызметінен босатылды" деген қауесет қалада көптен бері айтылып, жақында әкім толықтай үйқамаққа алынды деген ақпарат тараған болатын.

 

"Петропавл қаласының әкімдігі облыс орталығының басшысы үйқамақта, сондай-ақ әкім қызметінен босатылды деген ақпаратты жоққа шығарады. Қала әкімі Болат Жұмабеков 7 мамыр мен 6 маусым аралығында еңбек демалысында", - деп мәлімдеді қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.