Түнде Петропавлда алғашқы қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желі қолданушылары көк-сары ағаштарға жауған қардың түсірілімдерін бөлісіп жатыр.
Қар басқан шатырлар, көліктер, орындықтар қыстың жақындағанын еске салады.
Петропавлда таңғы сағат 8:00-де термометр нөл градусты көрсетті. Қалада күндіз үш градус ыстық болады.
Түскі асқа дейін бұл сұлулықтың бәрі еріп кетуі мүмкін.