Ел жаңалықтары

Петропавлда жаяу жүргіншілер көшесінде көлікпен сайрандаған тұрғын ұсталды

  • Петропавлда жаяу жүргіншілер көшесінде көлікпен сайрандаған тұрғын ұсталды

    Петропавлда жаяу жүргіншілер көшесінде көлікпен сайрандаған тұрғын ұсталды

Петропавлда досына машина жүргізуді үйренгенін жаяу жүргіншілерге арналған көшеде көрсеткісі келген тұрғын жауапқа тартылды. 10 күн бұрын жүргізуші куәлігін алған айыптыға қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 Жігіттің әрекеті түсірілген видео Солтүстік Қазақстан облысының Instagram-пабликтерінде тараған. 12 секундтық жазбадан Қазақстан Конституциясы көшесіндегі Тәуелсіздік стелласын айналып жүрген қара Toyota Camry көлігін көруге болады. Бұл көше жаяу жүргіншілерге арналған, көліктің жүруіне тыйым салынған. Көлік қозғалысын шектейтін жол белгісі орнатылған.

Видеоға қатысты ондаған желі қолданушысы пікірлерін білдіріп, бұзақының әрекетін сынға алған. Петропавл қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құқық бұзушыны анықтау бойынша іздестіру іс-шараларына кіріскен.

Автокөлік полицияның Жедел бақылау орталығының бейне бақылау камераларының мұрағатын зерделегеннен кейін анықталды. Құқық бұзушы ұсталды.

Бұзақы өз әрекетін 17 ақпан күні кешке жасағаны анықталды. Петропавлдың 19 жастағы тұрғыны досының көлігін тізгіндеп, шеберлігін көрсетпек болған.

«Аталған факт бойынша ӘҚБтК 596-бабы 1-бөлігі «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» бойынша  материал жинастырылды. Жас жүргізуші өзінің кінәсін мойындады, бұл туралы кешірім сұрау мақсатында солтүстікқазақстандықтарға арнап түсірген видеосында айтып өтті. Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүру ережелерін қатаң сақтау, оның ішінде барлық жол белгілерін білу қажеттігі туралы ескертеді», - деді СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі Қанат Әлімжанов.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

https://www.instagram.com/petro_smi/?utm_source=ig_embed




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 01:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30