Петропавлда жігіт колледж аумағында өзіне қол салған

04 мамыр 2022, 13:53

Петропавлда 19 жастағы жігіт колледж аумағында өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Төтенге жағдай Петропавлдағы құрылыс-экономикалық колледжінің аумағында болған. Полицияға болған оқиға туралы 4 мамыр күні 07:42-де хабарланған. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер суицид дерегін растады. Қазір оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген. 

Әзірге қаза тапқан жігіттің оқу орнында оқығаны туралы ақпарат жоқ. Облыстық білім басқармасында төтенше жағдай туралы пікір білдірмеген.