Ел жаңалықтары

Петропавлда қылмыскерлер құрал-саймандарды ұрлау үшін ғимараттың қабырғасын бұзған

  • Петропавлда қылмыскерлер құрал-саймандарды ұрлау үшін ғимараттың қабырғасын бұзған

    Петропавлда қылмыскерлер құрал-саймандарды ұрлау үшін ғимараттың қабырғасын бұзған

Петропавлда қылмыскерлер құрал-саймандарды ұрлау үшін ғимараттың қабырғасын бұзды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 
3 мамыр күні Қызылжар ауданының тұрғыны петропавлдық полицейлерге ұрлық туралы арызымен жүгінген. Ер адам Красин көшесінің бойындағы бұрынғы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарында болған. Мереке күндерінен кейін ол 1-3 мамыр аралығында белгісіз адамдар қабырғаны бұзып, ғимаратқа кірген және құралдар мен құрылыс материалдарын қолды қылған. Келтірілген шығынның сомасы 454 мың теңгеден асады.

Оқиға орнында бейнебақылау камерасы болмаған, жауып өткен жаңбыр іздердің біраз бөлігін шайып үлгерген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде келесі күні 40 пен 37 жастағы облыс орталығының екі тұрғыны ұсаталды. Екеуі де мүліктік қылмыстар жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-б. (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Ұсталғандардың айтуынша, ұрланған мүлікті қаладағы базарлардың бірінен алған. Ұрланған заттардың бөлігі көрсетілген жерден алынды. Қазіргі уақытта ұрланған басқа мүлікті алу бойынша шаралар қабылдануда. Күмән туғызатын тауарды қолдан сатып алуға дайын азаматтардың барлығының назарын осындай келісулер қаскөйлердің басқа да қылмыстарды жасауына дем беретінін аудартамыз. Мұндай мәмілелерді жасаудан аулақ болуға шақырамыз, өйткені ұрланған мүлікті алған кезде сатып алушыға қандай да бір жеңілдік көзделмейді», – деп тоқтала кетті Екінші ПБ бастығы Руслан Сыздықов.
Екінші полиция бөлімінің аумағында жыл басынан 29 ауыр ұрлық тіркелді. Қазіргі уақытта оның 23-і ашылды.




Көрілген: 652    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 12:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30