Ел жаңалықтары

Петропавлдағы танымал көпбалалы отбасында он жетінші бала өмірге келді

  • Петропавлдағы танымал көпбалалы отбасында он жетінші бала өмірге келді

    Петропавлдағы танымал көпбалалы отбасында он жетінші бала өмірге келді

Дүние есігін ашқан сәби – ұл бала. Енді Қазақстандағы ең танымал көпбалалы отбасында он ұл мен жеті қыз бала бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап.
"Шілде айында біздің отбасымызда он жетінші бала дүниеге келді. Есімін Давид деп қойдық" ,- деді отағасы Павел Култышев агенттікке хабарласып.

Бұл көпбалалы отбасының оныншы ұлы, әзірге Култышевтерде қыз балалардың саны аз – жетеу. 

 Айтқандай, бақытты отбасында тағы бір жаңалық бар - үлкен қыздары Инна тұрмысқа шыққан.

Павел мен Татьяна 2000 жылы үйленген. Олар алғаш шіркеуде кездескен кезде Павелдің жасы - 22-де ал Татьяна – 19 болған. Отбасында қанша бала болатыны туралы тіпті талқыға салмаған да, Құдай қанша жазса сонша болады деген тоқтамға келген.

Татьяна алғашқы баласын 20 жасында дүниеге әкелген, ал әрі қарай жыл сайын – қуанышты жаңалық болып тұрған. 

Қазір үлкені Инна 20 жаста. Лена - 18. Култышевтардың бірінші ұлы - Владимир – 17 ал Евгений - 16 жаста. Олар қазірдің өзінде әкелерінің кәсібіне қол ұшын созуға жарап қалған.

Әкелері Павел жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Ол он қолынан өнері тамған шебер: дәнекерлеумен шұғылданады - кез-келген күрделі қақпаларды, қоршауларды, беседкаларды, жүк тасымалдаумен, автомобиль жөндеумен, жазда - жер жырту және шөп шабуды кәсіп етеді.

2016 жылы Култышевтардың отбасында 12-ші бала өмірге келгенде олар жайлы бүкіл Қазақстан естіді. Отбасы жайлы сюжеттер түсіріп, мақалалар жазған.

Содан кейін бұл отбасы жайлы ұмыта бастады, ал бұл уақытта бақытты шаңырақта тағы да бес бала дүние есігін ашты. Өткен жылдың маусым айында отбасы кішкентай Владпен толықты. Ал осы жылдың шілде айында шаңыраққа жаңа сәбимен жаңа жаңа қуаныш еріп келді.

Павелдің өзі көпбалалы отбасыдан. Олар бауырларымен өте тату араласып тұрады, үйлері де бір-біріне жақын орналасқан. Павелдің аға-әпкелерінің де отбасылары көпбалалы.

Ал Татьяна болса керісінше қарапайым отбасыдан, олар шаңырағында үш адам. Соған қарамастан ол балаларды өміріндегі ең үлкен қуаныш деп санайды және әр баласы үшін құдайға шүкіршілік етеді. 

Балаларыңызды кейде шатастырып алмайсыз ба деген сұраққа Павел күліп жауап береді.
"Жоқ, барлығын атымен атаймын, сондықтан шатастыруым қиын,-дейді ол. –Жалғыз жаңылысатын кезім балаларымның туған күні немесе жасына келгенде. Мұның барлығын әрине, әйелім жатқа біледі".

Отбасының отағасы 20 жыл бұрын сатып алған үйін толығымен өзі қалпына келтіргенін айта кетуміз қажет. Қазіргі таңда отбасының саны артты, онымен бірге үйдің де ауқымы үлкейді – Павел үйіне екінші қабатты қосты, бөлмелерді жылжытып кеңістікті мүмкіндігінше кеңейтті. Култышевтер әрине өздерінің үлкен әрі тату отбасы үшін кең әрі іргелі үйді армандайды.  




Көрілген: 888    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.07.2021, 16:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30