Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Полицейлер танысының телефонын ұрлаған күдіктіні анықтады

16 наурыз 2023, 12:02

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, ұялы телефонды ұрлағаны туралы хабарлады. Яғни жәбірленушінің айтуынша, оның ұялы телефонын қонақүйлердің бірінде танысы жымқырып, белгісіз бағытта жасырған. Оқиға орнына келген полицейлер қылмысты ашу мақсатында қажетті іс-шараларды жүргізді.
Түркістандық тәртіп сақшылары атқарылған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, бірнеше сағатта күдіктіні "ізін суытпай" ұстады. Полиция басқармасына жеткізілген сезікті облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, әйел ұрланған телефонды сатып үлгерген. Ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі