Ел жаңалықтары

Полицейлер тұрғындардың арыз-шағымдарын Арыс көшелеріндегі «кеңседе» қабылдап жатыр

  • Полицейлер тұрғындардың арыз-шағымдарын Арыс көшелеріндегі «кеңседе» қабылдап жатыр

    Полицейлер тұрғындардың арыз-шағымдарын Арыс көшелеріндегі «кеңседе» қабылдап жатыр

 Түркістан облысының полицейлері Арыс қаласында 170-тен астам «Жолда қабылдау» орындарын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.


«Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындарға малдары жоғалып, өлген жағдайда қайда бару керектігін түсіндіріп, кеңес береді және пәтер, тұрғын үйден болған ұрлықтар, автокөліктерді айдап кету жайттары бойынша деректерін тіркеп, арыздарын қабылдауда. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мобильді ХҚО ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы 17 сектордың әрқайсысында Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінен құрылған екі жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда», - делінген мәліметте.


Жарылыстан кейінгі тәуліктерде полицейлер жүргізген рейдтік шаралар барысында 4 қылмыс анықталды. Оның ішіндегі екеуі мал ұрлығына қатысты. Сондай-ақ «Нива» автокөлігін ұрлау мақсатында айдап әкету және тұрмыстық техника дүкеніндегі ұрлық деректері тіркелді. Бүгінгі таңда, барлық материалдар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. «Айта кетсек, 24-28 маусым күндері аралығында тәртіп сақшылары 155 иесіз қой мен 22 ірі қара малды тауып, полиция бөлімінің жанынан арнайы ұйымдастырылған орынға апарған. Арыс қаласына жергілікті тұрғындардың келуіне орай, барлық малдар заңды иелеріне қайтарылды», - деді Полиция департаментінен.




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

жексенбі, 30.06.2019, 11:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Желтоқсан, 12:07
    Қазақстанда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31