Ел жаңалықтары

Полиция мән-жайды айтты: Түркістан облысында қыздарына қысым көрсеткен өгей ана қамауға алынды

  • Полиция мән-жайды айтты: Түркістан облысында қыздарына қысым көрсеткен өгей ана қамауға алынды

    Полиция мән-жайды айтты: Түркістан облысында қыздарына қысым көрсеткен өгей ана қамауға алынды

Түркістан облысының Жетісай қаласында өгей ананың үш қызына бірдей қысым көрсетіп, мазақ еткені хабарланды. Мән-жайды облыстық полиция департаменті баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz.


Полиция мән-жайды айтты: Түркістан облысында қыздарына қысым көрсеткен өгей ана қамауға алынды


Сурет: Otyrar.kz/ коллаж Stan.kz


"Әлеуметтік желілерде таралған Жетісай ауданындағы бір отбасында орын алған оқиға анықталды.


Балаларды ұрып-соғып, дене жарақатын келтірген фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 


Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-не сәйкес тіркеліп, "Кәмелет жасқа толмаған баланы тәрбиелеуге қатысты міндеттерін орындамау" бабымен тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті оқшаулау орнына қамалды. 


Аталған қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен облыс прокурының тікелей бақылауында", - делінген хабарламада.


Түркістан облысы Полиция департаменті кәмелет жасқа толмағандарға күш көрсету әрекеттері бейнеленген фото және бейнематериалдарды әлеуметтік желілер арқылы таратуға ҚР ҚК-нің 147-бабы "Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу" бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.


Бұған дейін өгей ана қыздарына жантүршігерлік әрекеттер жасағанын жазған едік.


 

 




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.04.2019, 21:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30