Ел жаңалықтары

Полиция Павлодар тұрғыны балық аулап отырған жерді қоршауға алды

  • Полиция Павлодар тұрғыны балық аулап отырған жерді қоршауға алды

    Полиция Павлодар тұрғыны балық аулап отырған жерді қоршауға алды

Павлодардағы Усолка өзенінде балықшының қармағына граната ілінді, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

14 сәуірде сағат 19.30 шамасында полицияға Усолка өзенінен гранатаға ұқсас зат табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, адамдарды эвакуациялады.

Жарылыс-техникалық заттар тобының қызметкерлері кинология қызметімен бірге тексеріс жүргізгеннен кейін граната арнайы капсулаға салынды.

"Қазір ол ешқандай қауіп төндірмейді. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Полицейлер қала тұрғыны жұртты дүрліктірген бұл затты балық аулау кезінде судан алып шыққаны анықталды.  




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 22:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31