Повод

05 наурыз 2022, 23:11

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірнеше облысы бойынша күн райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

6 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Өскеменде жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен Семейде 6 наурызда жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай облысының шығысында және орталығында тұман түсуі ықтимал. Қостанайда 6 наурызда көктайғақ болады.

 

Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 15-20 м/с. 6-8 наурызда Іле Алатауы, Жетісу Алатауы 7 наурыз күні кей уақытта нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. 7-8 наурызда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

 

Қырғыз Алатауы: 6 наурыз және 8 наурыз түнде, 7 наурыз тәулік бойы нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақытта тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с, 6 және 7 наурыз күндіз екпіні 23-28 м/с.

 

Талас Алатауы: 6 наурыз күндіз нқсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Батыс Алтай, Тарбағатай: 6 және 8 наурызда кей жерлерде көктайғақ болады. 8 наурызда кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с, 6 наурызда екпіні 23-28 м/с. 6 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Қарағандыда 6 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

 

Жезқазғанда 6 наурыз күні оңтүстік-батыстан жел соғады, күші15-20 м/с күтіледі. 6 наурызда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында шаңды дауыл тұруы ықтимал.

 

Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Ақтауда 6 наурызда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с. 6 наурызда Ақмола облысында тұман түседі. Көкшетауда 6 наурызда тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 6 наурызда Атырау облысының шығысында және орталығында бұрқасын, солтүстігінде көктайғақ болады.

 

Батыс, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Атырауда батыс, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с. 6 наурызда Ақтөбе облысының шығысында, солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

 

Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде облыстың оңтүстік-батысында 25 м/с. Ақтобе қ: 6 наурызда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.