Ел жаңалықтары

Пойызда 116 млн теңгесін ұрлатып алған қыздың әрекеті қызу талқыланып жатыр

  • Пойызда 116 млн теңгесін ұрлатып алған қыздың әрекеті қызу талқыланып жатыр

    Пойызда 116 млн теңгесін ұрлатып алған қыздың әрекеті қызу талқыланып жатыр

31 мамырда 22 жастағы қыз сөмкесіне 116 900 000 теңгені салып, "Қостанай-Алматы" пойызына отырған.

Көліктегі полиция қызметкерлері "Қостанай-Алматы" пойызында 116 миллион теңгені ұрлап кеткендерді ұстады. Қылмыскерлер екі  көлік сатып алып үлгерген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, 31 мамырда 22 жастағы қыз сөмкесіне 116 900 000 теңгені салып, "Қостанай-Алматы" пойызына отырған. Ал кешке қарай ұйықтап кеткен.

"Түнде пойыз Жақсы станциясынан қозғалғанда жас қыз оянып кеттң. Жан-жағына қараса, сөмкесі жоқ. Содан бірден жолаушылар пойыздарында жүретін көліктегі полиция департаментінің қызметкерлерін шақырып, арыз жазған", - дейді полицейлер. 
Тәртіп сақшылары бірден шұғыл тергеу тобын құрып, іздеу шараларына кірісті. Жақын жатқан теміржол нысандары мен елді мекендер тексерілді. Пойызда болған жолаушылар мен жұмысшылардан жауап алынды. Сөйтіп, күдікті адамның фотороботы жасалды. 

"8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының көліктегі полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш адамды ұстады. Олардың тұратын пәтерді тінту кезінде 12 620 000 теңге мен 198 500 АҚШ доллары тәркіленді. Күдіктілер ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген, екі көлік сатып алыпты", - дейді департамент басшысының орынбасары Нұржан Әлібаев.

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 188-бабы, 4-тармағы (Ұрлық, аса ірі мөлшерде) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары 116 миллион теңгенің салмағын есептеп шықты. 10 мың теңгелік банкнотпен 18 келі болады. Сол себепті қылмыскерлер ақшаның біраз бөлігін (шамамен, 80 миллион теңгені) долларға ауыстырып алған. Сондай-ақ, жас қыздың ұшаққа отырмаудың себебіне қатысты сұрақтар да жиі қойылады. Ұшаққа отырған кезде қол жүгі толығымен тексерістен өтеді. Салмағына да шектеу қойылған. Оған қоса, ақшаға толы сөмкенің қайдан шыққанын түсіндіру керек. Жолжүгі ретінде тапсыру да қауіпті. Сол себепті жас қыз ақшаны пойызбен тасымалдауға шешім қабылдаған.




Көрілген: 2657    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 17:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30