Ел жаңалықтары

Президент cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысына тапсырма берді

  • Президент cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысына тапсырма берді

    Президент cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысына тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысына бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Агенттік алдында бірқатар маңызды міндет тұр. Біріншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық деңгейдегі тиімді күрес бойынша кешенді жұмыс жүргізу қажет. Мұндай шаралар қылмыстық қудалаумен шектелмеуге тиіс. Бұл тәсіл теріс әсер етеді.

Мемлекеттік аппарат шешім қабылдаудан қашады, ал шенеуніктер жеке жауапкершілікті қабылдаудан қорқады. Агенттік жұмыс барысында жіберілген қателіктер мен қасақана жасалған қылмыстарды ажырата білуі керек. Сонымен қатар, қылмыс құрамы толық көрініс тапқан жағдайда ғана кінәліні жауапқа тарту қажет", - деді Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінде.

Екіншіден, Президент қоғамның белсенді қатысуы және алдын алу шаралары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі құралы болуы керек екенін айтты.

"Қазіргі уақытта тапсырмам бойынша "Қоғамдық бақылау туралы" заң дайындалып жатыр. Бұл құжат мемлекеттік органдардың жұртшылық алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, белсенді азаматтарға құқықтық бақылау құралдарын ұсынады. Осы Заң жобасының әлеуетін барынша пайдалану және жұртшылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту қажет", - деп қосты ел Президенті.

Үшіншіден, Мемлекет басшысының айтуынша, Қылмыстық жолмен алынған мүлікті іздеуге және тәркілеуге ерекше назар аудару керек. Бұл "follow the money" принципі деп аталады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеудің бұлтартпастығы сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген әрекеттің алдын алуға ықпал етуі тиіс деп есептейді. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жұмысты Агенттік Қаржы мониторингі органдарымен бірлесіп ұйымдастыруы қажет.

Қазақстан Президенті тапсырма бойынша қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделі енгізілетінін айтты.

"Мұндай модель айыптаудан жалтаруды және қылмыстық процеске заңсыз араласуды болдырмауға мүмкіндік береді. Агенттікке өз қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне сәйкестендіруді тапсырамын.

Тұтастай алғанда, үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асыруды жалғастыру қажет. Қоғам, бизнес және инвесторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенімді тірек бар екенін сезінуі керек. Жаңа басшы агенттіктің тиімділігін одан әрі арттырады деп үміттенемін", - деп түйіндеді Тоқаев.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының ауысуына қатысты пікір білдірген еді.




Көрілген: 469    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 16:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Мамыр, 19:58
    39 С ° ыстық болады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31