Ел жаңалықтары

Президент еңбек миграциясы бойынша Үкіметке тапсырма берді

  • Президент еңбек миграциясы бойынша Үкіметке тапсырма берді

    Президент еңбек миграциясы бойынша Үкіметке тапсырма берді

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек миграциясы мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы тағы бір өзекті тақырып ретінде қазақстандықтардың еңбек миграциясын атады. Бұл тақырып өте өзекті, оны назардан тыс қалдыруға болмайды. Себебі жыл сайын отандастырымыз еңбек мигранттары атануда. Біздің азаматтар шетелде тек жоғары біліктілік талап етіліп жүрген саладан бөлек, басқа да бағыттарда қызмет етуде.

«Олардың көбісі қызмет көрсету секторында жұмыс істеуде, сол жерлерде олар өз елінде істеуге келісе бермейтін жұмысқа баруға дайын. Сонымен бірге, осындай жағдайларда еңбек қатынастары ресми реттелмейтіні анық», - деді Президент.

Қ. Тоқаев бірқатар елдерде қазақстандықтар заңсыз жұмыс істеп жүргенін айтты. Бұл тұрғыда тіркеуге қатысты қиындықтар туындап, еліміздің азаматтары күн сайын түрлі тұрмыстық мәселелерге тап болуда.

«Бұл ахуал пандемия кезінде айқын көрінді. Қазіргі әлемде еңбек миграциясы жаһандық сипатқа ие екенін түсіну керек», - деді Мемлекет басшысы.

Президент бұл көп қырлы процестің оңтайлы жақтары бар екенін, яғни біліктілікті арттыру, жаңа дағдыларды меңгеру, өз ісін бастаудағы бастапқы капиталды жинау және басқа да бағыттарда бейімделу мүмкінді бар екенін жеткізді.

«Сондықтан мемлекет қазақстандықтардың әлеуетін жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерін салады, оның ішінде еңбек миграциясындағылар да қамтылады. Үкімет осы мәселелерді зерделеп, тиісті ұсыныстарды енгізуі тиіс», - деді Президент.




Көрілген: 393    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 13:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31