Президент: Желтоқсан қаһармандары Тәуелсіздікті бір табан жақындатқаны анық

15 желтоқсан 2021, 20:13

Желтоқсан қаһармандары Тәуелсіздікті бір табан жақындатқаны анық. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды AkordaPress.

«Кешегі Желтоқсан қаһармандары Тәуелсіздікті бір табан жақындатқаны анық. Асқар тау алыстаған сайын асқақ көрінеді. Біздің бабаларымыз қазақтың дербес мемлекет құрып, еркін өмір сүруге құқылы екенін тарих алдында дәлелдеді. Осылайша, мыңжылдықтар тоғысатын тұста Азаттық туы көгімізде желбіреді. Ұлттың ең ұлы мұраты – Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол сәттен бастап Қазақ елінің ұлы көші болашаққа бет түзеді. Халқымыз өз мемлекетін құруға кірісті. Бұл – тарихи әділдіктің орнауы», - деп атап өтті ҚР Президенті.