Ел жаңалықтары

Президент каратинде Нұр-Сұлтан мен Алматыға жаяу кіретіндердің жолын кесуді тапсырды

  • Президент каратинде Нұр-Сұлтан мен Алматыға жаяу кіретіндердің жолын кесуді тапсырды

    Президент каратинде Нұр-Сұлтан мен Алматыға жаяу кіретіндердің жолын кесуді тапсырды

Ақордада Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимін қатаң сақтау керегін айтты.

Нұр-Сұлтан мен Алматыға жаяу кіруге де жол бермеу керегін ескертті.

«Қазіргі уақытта әлемде аурудың жаңа жағдайларының ең көп саны қатаң карантин шараларын тым кеш енгізген елдерде тіркеліп жатыр. Инфекцияның сел сияқты таралуының алдын алу үшін оқшаулау шараларын күшейту қажет. Өзге елдердің оң және теріс тәжірибелеріне қатысты үнемі түсіп жатқан ақпараттарды ескере отырып, медициналық жүйемізді жағдайдың одан ары өрбуінің кез келген нұсқасына дайындық жалғастыру қажет. Көңілді жайландырып, қолдан келгеннің барлығын жасадық деуге болмайды. Елорда мен Алматыда карантиндік аумақты толықтай қоршауды қамтамасыз ету, қалаға жаяу кіру мүмкіндіктерінің жолын кесу маңызды. Таяу уақытта өзге де ірі елді мекендерді жабу қажеттігін айқындау керек», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті карантинге жатқызылған адамдарға қойылатын талаптарды бұзғандарға жазаны күшейту қажеттігі туындап отырғандығын да баса айтты.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін менің Жарлығыммен адамдар жаппай жиналатын нысандардың жұмысы шектеліп, түрлі шаралар өткізуге тыйым салынды. Дегенмен, шектеудің жиі бұзылатындығын да көріп отырмын. Осы жылдың 16 наурызынан бері Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарын қоса алғанда төтенше жағдай режимін бұзудың 18 фактісі орын алды. Кінәлі тұлғалар ескерту немесе айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барынша қатаң санцияларға көшетін кез келді. Сонымен қатар мұндай фактілерді алдын алу мақсатында БАҚ-та кеңінен жариялау қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

aikyn.kz




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.03.2020, 22:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30