Ел жаңалықтары

Президент келетін болғаны үшін Оралдың жолдарын бір-ақ айдың ішінде жөндеп қойған

  • Президент келетін болғаны үшін Оралдың жолдарын бір-ақ айдың ішінде жөндеп қойған

    Президент келетін болғаны үшін Оралдың жолдарын бір-ақ айдың ішінде жөндеп қойған

Қаладағы жолдар жөнделсе, құрметті қонақ келе жатыр деген сөз. Бұл оралдықтардың арасында тараған наным-сенім. Өңірге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келеді деген сыбыс шыққалы өңір атқамінерлері шаһарды бір-ақ айдың ішінде мұнтаздай еткен. 


Бұған халық разы болғанымен басқа да түйткілдердің түйіні шешілсе дейді. Ал, Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған президент бірқатар нысандарды аралап, жұртшылықпен кездесті. Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.


“Мына жолдарды істеу керек мысалы. Бірақ қазір жұмыс басталды”.

“Анда-санда су болмайды бізде. Жолдарды жасау керек”.

“Тұрғын үй мәселесі проблема сол. Жұмыссыздық. Солар бар ғой”, - дейді тұрғындар.


Жұрттың президентке айтқысы келген басты базынасы осы. Мемлекет басшысы 250 мың тұрғыны бар Оралдағы бетке ұстар нысандардың бірі - оқушылар сарайында кездесу өткізбек. Мұнда жиналған халық қана емес, нысанның сыртындағы тәртіп сақшылары да қобалжыған күйде. Іштегі дайындық та қызу.

Президент ретінде облыс орталығына алғаш рет келген Қасым-Жомарт Тоқаев әңгімесін елді елеңдеткен түйткілдерден бастады. Жұртшылықпен жүздесуінде ең алдымен облыс аумағындағы жөнделмеген жолдар мен ауыз су мәселесін шұғыл шешуді тапсырды.


"Ауыл тұрғындарының ауыз сумен жыларман күйде екені әркімді қынжылтатынын бәрі біледі. Өкінішке қарай, осы облыстың 45 пайызы ғана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Сондықтан, әкімдік пен үкіметке ауыз су мәселесін 80 пайызға жақсартуды тапсырамын", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Өзгеге жаутаңдап, пәтерден пәтерге көшіп жүрген отбасылар жетерлік өңірде. Сондықтан баспанаға мұқтаж көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға көмектесу шарт деді мемлекет басшысы.


“Қолжетімді баспананы үлестіру мен оның құрылысына қатаң қадағалау жасауды тапсырамын. Әсіресе, аймақтағы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларды бірінші орынға қоюды ұмытпау керек. Баспана құрылысына жергілікті инвестициялар тартылуы қажет", - дейді Тоқаев.


Айта кетерлік жайт, Оралды көркейткен нысандардың көбі "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі" бағдарламасымен бой көтерген. Президент алдымен барған медициналық орталық та 4 ай бұрын ғана ашылыпты. Алайда бұған қарамастан кең тараған көз бен тіс ауруларының кез келген түрін емдеп жазуға қауқарлы.


Мемлекет басшысы ат басын тіреген Орал трансформатор зауытында қарапайым кабельдерден бастап тоқты жинайтын және тарататын мынандай трансформаторларға дейін шығарылады. Алыс жақын шетелдерге 95 пайызы экспортталатын трансформаторлардың жылына 12 мыңы құрастырылады.


Қазақстанды ғана емес, бүкіл ТМД елдерін осы электр қондырғыларымен қамтып отырған зауыттан өзге мемлекет басшысы ақпараттық технологиялар колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты. Студенттер ойлап тапқан түрлі it-жобаларды көрді.


Бұдан өзге, облыстағы өзекті проблемалардың бірі үш ауысыммен оқитын мектептердің жайы. Аймақтарды есептемегенде, Оралдың өзінде осындай бес білім ошағы бар екен. Сондықтан, жаңа мектептерді салуды қолға алу қажет деді президент.




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.05.2019, 10:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31