Ел жаңалықтары

Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты

  • Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты

    Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фэйсбук парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы Жолдауында спорт және балалардың шығармашылық жетілдіру үшін ұйірмелер қайта ашу туралы тапсырмасы орындалғанын жазды, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Спортпен айналысатындар саны 6 млн-ға жуықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы жолдаған жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керегін, сонымен қоса, әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажеттігін айтқан болатын.

Дене шынықтыру пен бұқаралық спортты дамыту жөнінде 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 5,9 млн адамға жетті, оның 560 908-і – балалар мен жасөспірімдер.

127 703 спорт секциясы, балалар мен жасөспірімдерге арналған 477 спорт мектебі, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің 686 дене шынықтыру клубы жұмыс істейді.

Балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубтары мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің желісі кеңейтілді.

Білім берудің барлық деңгейінде дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті комоненттер енгізілді. Әрбір ауылдық округ үшін спорт жөніндегі 3 000 нұсқаушы белгіленді.

Мемлекеттік қолдаудың жаңа институты енгізілді

Сонымен қоса, президент өз Жолдауында «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді» деп те айтқан болатын. Осы бағытта да шаралар қолға алынып, жүзеге асөан.

Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты іске асыру арқылы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және спорттық әлеуетін арттыру үшін мемлекеттік қолдаудың жаңа институты енгізілді.

2021 жылдың 1 мамырынан бастап мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс жүзеге асырылады.

2021 жылы жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруға 2,4 млрд теңге спорттық тапсырысты іске асыруға 3,7 млрд теңге бөлу көзделген.

2021 жылы республика бойынша, жан басына шаққанда 23,5 мың шығармашылық үйірме және 1029 спорт секциясы қаржыландырылады. Онда шамамен 43,3 мың бала спортпен және шығармашылықпен тегін айналысатын болады (шығармашылық үйірмелерде – 23,5 мың бала, спорт секцияларында – 21 548 бала).




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 12:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30