Ел жаңалықтары

Президентке хат жазған 10 жасар алматылық баланың арманы орындалды

  • Президентке хат жазған 10 жасар алматылық баланың арманы орындалды

    Президентке хат жазған 10 жасар алматылық баланың арманы орындалды

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президентке хат жазған 10 жасар алматылық баланың арманын орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Баланың шешесі Алма Серікқали бұл туралы Facebook парақшасында мәлімдеді.


«Асхат Қанатұлы осы асыл мінезімен көпке үлгі бола отырып, енді ғана буыны бекіп келе жатқан бала қыранның қанатының қатайып, биікке самғауына жол ашып, асқақ арманының жүзеге асуына ықпал жасап, таэкван-до спорт секциясына жазды. Бүгінгі білімнің биігінде осындай ел үшін ет жүрегі елжірей білетін мемлекет қайраткері тұрғанда кем-кетігіміз түзеліп, ерік-жігеріміз қайрала түсері анық. Біз Сізге сенеміз, Асхат Қанатұлы!», - деп жазды баланың анасы.


Оның айтуынша, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы баланың хатын оқып, Қазақстанның Білім және ғылым министрлігіне хатта көтерілген мәселелерді шешуді тапсырған.


«Сарабдал да, сабырлы, ақылды да, парасатты Қасым-Жомарт Кемелұлы баламның хатын ыждағаттылықпен оқып шығып, хатта көтерілген мәселелер бойынша Білім және ғылым министрлігіне жауап беруді тапсырды. Ел Президентінің қарапайымдылығы менің ана жүрегімді елжіретіп, оған деген шексіз құрметімді арттырды. Сондай-ақ, білімі мен біліктілігінің арқасында білім биігінің тұғырын бағындырған Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы да «4 сынып оқушысының хаты» деп қарамай, үлкен азаматтық танытып, баламның хатына жауап жазуы оның жас та болса қайраткерлігін көрсетті», - дейді ол.


Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алматылық оқушы Нұрбақыт Ғалымжанның хатына жауап берген еді.


Айта кетейік, Алматы қаласы №138 гимназияның 4-сынып оқушысы Нұрбақыт Ғалымжан Президентке хат жазған болатын. Онда Нұрбақыт каникулдың аздығын және кейбір пәндердің қызық еместігін сынаған.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/prezidentke-hat-zhazgan-10-zhasar-almatylyk-balanyn-armany-oryndaldy_a3583704




Көрілген: 304    Пікірлер: 0

жұма, 08.11.2019, 22:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30