Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Президенттікке үміткер ретінде Сәдібек Түгел алғаш боп құжаттарын тапсырды

26 сәуір 2019, 23:10

Президенттікке үміткер ретінде Сәдібек Түгел алғаш боп құжаттарын тапсырды, деп xабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес 2019 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде С.Түгелдің мынылар құжаттары ұсынылды:

1. «Ұлы дала қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі жоғары органның Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынаың үзіндісі;

2. Түгел Сәдібектің Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiші;

3. Өмірбаяндық мәліметтері;

4. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжатты;

5. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жоғарғы білім туралы дипломдарының көшірмелері;

7. Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжат ұсынылды.

Түгел Сәдібек жазушы. 1955 жылдың 25 ақпанында Шығыс-Қазақстан облысының Ұлан ауданының Аманкелді ауылында дүниеге келді. Ұлттық құндылықтардың ұлықтаушысы, зерттеушісі, Нұр-Сұлтан қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы, Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының тең төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы.

sn.kz