Ел жаңалықтары

"Прокурорлар мен адвокаттарды теңестіру керек" - Президент тапсырмасы

  • "Прокурорлар мен адвокаттарды теңестіру керек" - Президент тапсырмасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сот процесінде прокурорлар мен адвокаттардың деңгейін теңестіруді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Күшті және тәуелсіз адвокатурасыз құқықтық мемлекет құрылмайды. Мемлекеттік аппараттың тиімділігі көбінесе азаматтар мен кәсіпорындардың құқықтары мен мүдделерін кәсіби қорғауға мүмкіндік жасаумен байланысты. Елдегі кәсіпкерлік және инвестициялық белсенділік деңгейі де осыған байланысты. Сондықтан адвокаттардың рөлін асыра бағалау қиын", - деді Тоқаев.

 Ол адвокаттардың проблемаларын құқық қорғаушы Айман Умарова бірнеше рет көтергенін еске алды.

"Ұлттық Кеңес мүшелерінің көптеген бастамалары "Кейбір заңнамалық актілерге адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көрініс тапты. Атап айтқанда, кәсіби этиканы, заң көмегін көрсету қағидаттарын сақтамаумен байланысты теріс қылықтар үшін адвокаттарды өмір бойы лицензиядан айыру туралы норманы алып тастау жөніндегі ұсынысты атап өтуге болады.

Сот процесінде прокурор мен адвокаттың теңдігін қамтамасыз ету, тараптардың қарсыласу сипатын арттыру жағдайларына ерекше назар аудару қажет. Парламент депутаттарынан осы заң жобасын қарау кезінде Ұлттық Кеңес мүшелерінің ұсыныстарын назарға алуды сұраймын", - деді Тоқаев.




Көрілген: 343    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 13:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30