Ел жаңалықтары

"Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұшырылды

  • "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұшырылды

Ресей қорғаныс министрлігі хабарлағандай, "Протон-М" сәтті ұшырылды. Әскери спутник тіркелген "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұшырылды, деп хабарлайды Ресейдің қорғаныс министрлігі.


6 тамыз күні Мәскеу уақытымен 00.56-да "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған.


"Байқоңыр ғарыш айлағынан (Қазақстан Республикасы) Ресей қорғаныс министрлігінің ғарыш аппараты тіркелген "Протон-М" зымыран тасығышы сәтті ұшырылды", - делінген министрліктің хабарламасында.


"Бриз-М" жылдамдық блогы мен спутник орнатылған зымыранның бас жағы үшінші сатыдан сәтті бөлініп шықты. Министрлік атап өткендей, жылдамдық блогы спутникті бірнеше сағатта есептік орбитаға шығарады, деп хабарлады РИА Новости.


Бұған дейін штаб басшысы, Ресейдің Әуе-ғарыштық күштері ғарыш әскерлері қолбасшысының орынбасары Игорь Морозов "Эхо Москвы" радиосының эфирінде айтқандай, Ресейдің әскери спутнигі Байқоңыр ғарыш айлағынан соңғы рет 2019 жылы ұшырылады, содан соң Ресей қорғаныс министрлігінің барлық ғарыш аппаратын ұшыру Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағында жүзеге асырылмақ.

 




Көрілген: 320    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.08.2019, 09:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31