Путин Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтірудің үш шартын атады

23 ақпан 2022, 23:07

Ресей президенті Владимир Путин өзін-өзі жариялаған Донбасс республикаларының егемендігін тану аясында Украина мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін бірқатар шарттар қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ең алдымен Севастополь мен Қырымда тұратын халықтың еркін мойындау керек. Бның Косоводағы оқиғадан қандай айырмашылығы бар? Косовода шешімді парламент қабылдады, ал мұнда жалпыхалықтық референдум қабылдады. Ешкім халықтың басына мылтық кезеп, сайлауға апара алмайтынын атап өткім келеді. Олар өз еркімен келуі керек. Және олар Ресеймен қайта қосылу туралы шешім қабылдады. Демократияның ең жоғарғы түрі – референдум", - деді Путин баспасөз мәслихатында.

Ол Украинаның НАТО-ға қослуына қарсы екенін мәлімдеді.

"Екіншіден, біз Украинаның НАТО-ға қабылдануына үзілді-кесілді қарсымыз, өйткені бұл бізге қауіп төндіреді. Үшіншіден,  Донбасс мәселесін бейбіт келіссөздер және Минск келісімдерін орындау арқылы шешу қажет. Ең маңыздысы - бүгінгі Украинаны демилитаризациялау, өйткені бұл жалғыз бақыланатын фактор”, - деп атап өтті Путин.

Оның айтуынша, Ресей шенеуніктері мен дипломаттары бұл талаптарды АҚШ, Еуроодақ басшылары және НАТО-ға мүше елдермен келіссөздер барысында айтқан.

Путиннің айтуынша, Украинаның қазіргі президенті Владимир Зеленский билікке қол жеткізгеннен кейін Минск келісімдерінің тармақтарын орындаудан бас тарып, келісімге қол қойғаны үшін бұрынғы президент Петр Порошенконы қудалай бастады.