Qazaq Air Ресейге қатынайтын рейстерді тоқтатты

12 наурыз 2022, 11:09

Qazaq Air  Ресейге қатынайтын және оның әуе кеңістігі арқылы ұшатын барлық рейсті тоқтатады. 
 
 Qazaq Air  авиакомпаниясы сақтандыру ұйымынан Ресей аумағында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімінің берілмегені туралы хабарлама алды. Осы жағдайға байланысты Авиакомпания Ресей аумағының үстінен сақтандыру жабу туралы мәселе шешілгенге дейін Ресейге авиаұшуларды орындай алмайды. Осыған байланысты Новосибирскіге бүгінгі рейс (12 наурыз) тоқтатылды, - деді авиакомпаниясы.

Жолаушыларға билет құнын толық қайтарылады. 

Билеттің ақшасын қайтару билеттерді сатып алу орны бойынша жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, электрондық пошта арқылы жүгінген жөн info@flyqazaq.com қайтаруға өтініммен бірге бронь нөмірін және байланыс деректерін көрсету қажет. Егер билет агенттіктен сатып алынған болса, сатып алынған жері бойынша хабарласу қажет, - деді Qazaq Air авиакомпаниясы.


BAQ.KZ