Ресей АҚШ-ты Украинада қауіпті биозертханалар құрды деп айыптады

10 наурыз 2022, 00:26

Ресейдің қорғаныс министрлігі Украинада АҚШ-қа жұмыс істеген биологиялық зертханаларды анықтады.
Ведомстводағылар Киев пен Вашингтон Биологиялық және токсинді қаруға тыйым салу туралы конвенцияны бұзғанын сарапшылар дәлелдей алмауы үшін бұл нысандардың жұмысын тоқтатқанына сенімді. Мәскеу мен Бейжің америкалықтарды халықаралық құжатқа қосылуға бірнеше рет шақырған болатын. Алайда Ақ үй бұған келіспеді, деп жазды РИА Новости.
 
"Украина аумағында ғылыми-зерттеу және санитарлық-эпидемиологиялық деп жіктеуге болатын 30-дан астам биологиялық зертхананы қамтитын желі қалыптасқан", - деді брифингте Ресей Қарулы күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің басшысы Игорь Кириллов.
 
Оның айтуынша, Львов, Харьков және Полтавада орналасқан бұл нысандар "АҚШ жетекшілік етуімен әскери биологиялық бағдарлама аясында" қауіпті инфекция қоздырғыштармен жұмыс істеген.
Тапсырыс беруші – АҚШ Қорғаныс министрлігі әскери қауіпті төмендету басқармасы (DTRA). Жобаға Пентагонмен байланысты Black and Veatch компаниясы қатысқан. Кириллов Львовта оба, сібір жарасы және бруцеллез, Харьков пен Полтавада дифтерия, сальмонеллез және дизентерия қоздырғыштарымен жұмыс жүрігізлген.
РИА Новостиде жазылғандай, Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков та айтты. Ол Ресейдің қолында мұны айғақтайтын құжаттар бар екенін мәлімдеп, Биологиялық және токсинді қаруға тыйым салу туралы конвенцияның бұзылғаны белгілі болмас үшін биозертханалар өте асығыс жабылғанын атап өтті.
РФ Қорғаныс министрлігі бұл биологиялық зертханалардың қызметі 2014 жылдан бастап аса қауіпті инфекциялар санының өсуіне алып келгенін мәлімдеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Украинаны полиомиелиттің өршу қаупі жоғары елдер қатарына қосты.
Мәскеу мен Бейжің АҚШ пен оның одақтастарының әскери-биологиялық белсенділігіне көптен ері алаңдаулы. Ақпан айының басында Ресей президенті Владимир Путин Қытай көшбасшысы Си Цзиньпинмен кездесті. Мемлекет басшылары жаңа дәуірге аяқ басқан халықаралық қатынастар және жаһандық тұрақты даму туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Атап айтқанда, олар "Бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қаруды әзірлеуге, өндіруге және жинақтауға тыйым салу және оларды жою туралы конвенцияның" халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің тірегі ретінде маңызы бар екенін" растады.
Қытай және ресейлік сарапшылар мен саясаткерлер, соның ішінде Ресей ғылым академиясының академигі, Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері Геннадий Онищенко да Вашингтонның шетелдік әскери-биологиялық белсенділігін бақылау қажеттілігі туралы бірнеше рет ескерткен болатын.
"Екі көшбасшының мәлімдемесінде ядролық, химиялық және қайта жанданып келе жатқан нақты қауіп – жаппай қырып-жоятын биологиялық қару мәселелеріне ерекше назар аударылған. Ресей мен Қытай Конвенцияның беделі мен тиімділігін сақтаудағы өз табандылықтарын атап көрсетті", - дейді ғалым.
Әлем
 
2001 жылы АҚШ біржақты тәртіпте Биологиялық және токсинді қаруға тыйым салу туралы конвенцияның қосымша хаттамасын әзірлеу келіссөзінен шығып кетті. Құжат бойынша барлық елдің микробиологиялық іс-қимылына тәуелсіз орган – Техникалық хатшылық бақылау жүргізуі керек еді.
"Бұл америкалық әскерилер өз аумағында емделмейтін және барлық антибиотикке төтеп беретін Ames strain сібір жарасы штамының биологиялық рецептурасын қолданғаннан кейін болды", - деді Ресей ғылым академиясының академигі.
Биологиялық және токсинді қаруды әзірлеуге, өндіруге және жинақтауға тыйым салу туралы конвенция 1972 жылы бекітілген. Бұл осы тектес жалғыхз халықаралық құжат.
"Ресей мен Қытай көшбасшылары Вашингтонды халықаралық құқықтық аренаға оралуға шақырып отыр. Америкалықтар коронавирустың табиғи немесе жасанды жолмен пайда болғаны туралы дауласып жатыр. 2001 жылы олар заңды түрде міндетті бақылау механизмін қабылдауға кедергі жасады. Егер сол механизм қабылданған болса, онда қазір комиссия құрылып, арнайы тексерулер жүретін еді. Бірақ бұл бүгінде мүмкін емес", - деді Онищенко.
РИА Новости жазғандай, КСРО ыдырағаннан кейін 1950 жылдардан бері жұқпалы аурулармен айналысып, оба, тырысқақ, іш сүзегі сынды ауруларға қарсы вакциналар дайындаған кеңестік институттар негізінде Грузия, Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстанда америкалық зерттеу орталықтары ашылды.
Қарулану барысында биологиялық және химиялық соғыс ықтималдылығы жоғары болды. Кеңестік институттарда батысқа қарсы биоқару дайындалып жатқаны туралы сыбыс тарағанмен, бұл өз дәлелін таппады. КСРО ыдырағаннан кейін АҚШ "Қауіпті бірлесіп төмендету бағдарламасы" аясында қауіпті нысандарды реттеуге қол үшін созуға ниет білдірді.
Қауіпті ауруларды зерттеуге НАТО мен Пентагон бюджетінен қаражат бөлінді. Бірақ америкалық мамандардың да зертханаларда жұмыс істеуіне рұқсат еруі басты талаптың бірі болды. Орталық Азия мен Кавказдан жинақталған штамдар батысқа жеткізілді. Вашингтон зерттеу тек бейбіт мақсатта жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Алайда Грузияның бұрынғы мемлекеттік қауіпсіздік министрі Игорь Гиоргадзе зерттеу орталығының қызметкерлері Пентагон үшін тапсырыс орындағанын мойындағаны туралы мәлімдеді. Бұл қоғамда үлкен дау тудырды. Экс-миинистр зертханаларда адамдарға сынақ жүргізілуі ықтимал екенін айтты. Ал АҚШ мұның барлығын жоққа шығарды.
Пентагон Алматыдағы Орталық референс-зертханаға (ОРЗ) 108 миллион доллар бөлді. Бұл нысан мемлекеттік болып саналады және Қазақстанға тән вирус штаммдарын зерттеумен айналысады. Мұндай биологиялық зертханалар Тәжікстан мен Өзбекстанда да бар. Олар да американдықтар тарапынан қаржыландырылады.
Қытай Вашингтон эпидемиологиялық көмекті сылтау етіп, биодеректер жинақтаумен айналысып жатыр деген күдікпен Орталық Азиядағы америкалық зерттеу нысандарының барлығын жабуды тапсырды. Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан өз аумағында АҚШ-тың әскери әзірлемелері жоқ екенін мәлімдеді.
"ХХІ ғасырдағы соғыс гибридті сипатта жүріп жатыр. Біз мұны анық түсінуіміз керек. Ең бастысы, сол соғыстың заңдылықтарын түсініп, оларға қарсы тұру қажет. Бұл тек инфекциялар ғана емес, ол қоғамның барлық топтарына арналған бүгінгідей гибридті ақпараттық-террористік шабуылдар болуы ықтимал", - деді Онищенко.