Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ресей хакерлері қазақстандықты "НАТО киберсарбаздарының" тізіміне қосты

29 желтоқсан 2022, 18:22

RaHDit ("Зұлым орыс хакерлері") тобының ресейлік хакерлері қазақстандық бағдарламалаушы Олжас Сәтиевті "НАТО киберсарбаздарының" тізіміне қосты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп хабарлайды Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Тізім "НемеZида" сайтының "Шетелдік делдалдар мен жалдамалылар" бөлімінде жарияланған және ресейдің бірқатар ресми ақпарат құралдарында жарық көрді.

 

Отандасымыз өзге жүз адаммен бірге "НАТО киберсарбаздары" санатына кірді.

 

Олжас Сәтиев бұл жағдайға әлеуметтік желілерде түсініктеме беріп, мұны абсурд деп атады.

 

 

"Менің де, ЦАРКА-ның да (Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы) НАТО-ның киберсарбаздарымен немесе қандай да бір өзге елдің "киберәскерлерімен" байланысымыз жоқ.

Біздің басты міндетіміз – Орталық Азияда киберқауіпсіздік құру және киберқауіпсіздіктің жергілікті кадрларын тәрбиелеу. Қазақстанда біз БҰҰ-ның әлемдік кибердайындық индексінде 5 жыл ішінде елімізді 118-ші орыннан 31-ші орынға көтердік. Мүмкін бұл біреуге ұнамауы мүмкін", - деп жазды ол.

 

Айта кетейік, ЦАРКА – Орталық Азияда қызмет көрсететін Қазақстанда құрылған кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы.