Ресей ТМД елдеріне, соның ішінде Қазақстанға маймыл шешегін анықтауға арналған тесттерді берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Бұған дейін Роспотребнадзор "Вектор" орталығының дертті анықтауға арналған тест-жүйелерін асап шыққаны туралы мәлімдеген. Қазір тесттер Ресей аумағында қол жетімді.
"Ресейлік тест-жүйелерін Роспотребнадзор Армения, Қазақстан, Өзбекстан мен Түркіменстанға берді. Бұдан бөлек Ротпотребнадзор мамаедары серіктес елдердегі әріптестері үшін маймыл шешегін зертханалық диагностикалау әдістеріне арналған арнайы семинарлар ұйымдастырады", – делінген хабарламада.