Ел жаңалықтары

Ресей мен Еуроодақ туларыЕуропа жаңа антиресейлік санкциялар үшін жауап бере ме?

  • Ресей мен Еуроодақ туларыЕуропа жаңа антиресейлік санкциялар үшін жауап бере ме?

    Ресей мен Еуроодақ туларыЕуропа жаңа антиресейлік санкциялар үшін жауап бере ме?

Жаңа қара тізімге Ресейдің арнайы қызметтерінің, қорғаныс министрлігі мен президент әкімшілігінің, сондай-ақ мемлекеттік органикалық химия және технологиялар ғылыми-зерттеу институтының алты жоғары лауазымды өкілі енген. Дереккөздер бұл адамдар "улану туралы білуі немесе оны жоспарлауға қатысқан болуы мүмкін" дейді, деп жазады РИА Новости.

 


© SPUTNIK / АЛЕКСЕЙ ВИТВИЦКИЙ
Еуропа мен Азия америкалық газдан бас тартып жатыр
Осылайша, Еуроодақ Ресей мемлекеті саяси қастандықпен айналысады, ол үшін адам көп жиналатын жерлерде химиялық қаруды қолданады деп есептейді. Бұл орайда, еуропалықтардың пікірінше, активтерді қатыру және осындай істерге қатысы болуы мүмкін Ресейдің бірнеше шенеунігінің кіруіне тыйым салу дұрыс жаза болмақ. 

Қалған жағдайда "Ресей жасады деген іс-қимылдар" Еуропаның біздің елмен ынтымақтастығын өзгертуге себеп емес. Сонымен қатар, Берлин қазіргі оқиғалардың бастамашысы және қозғаушы күші ретінде Мәскеумен "жақсы немесе кем дегенде ақылға қонымды қарым-қатынас" орнатуға мүдделі, өйткені, Германия Федеративті Республикасының сыртқы істер министрі Хайко Маастың айтуынша, болған жағдай "географияны өзгертпейді", ал оның елі "сауда және ғылыми алмасу" арқылы өмір сүруде.

Дәл осындай фактілердің жиынтығынан орыстың соңғы уақыттағы бұрын-соңды болмаған қатал риторикасынан түсініктеме іздеу керек. 

Бір қарағанда, бұл оғаштау көрінуі мүмкін, бірақ ЕО өзінің қазіргі шешімімен Ресеймен текетіреске шынымен де жаңаша сипат берді. Оның не екенін түсіну үшін өткенді еске түсіру керек.

Қазіргі жағдай бірнеше жыл ішінде Батыс пен Ресей арасында байқалған үшінші шиеленіс болды. Біріншісі 2014-2015 жылдардағы дүрбелеңге толы оқиғаларға қатысты. Екіншісі 2018 жылғы Скрипаль ісімен байланысты еді. Енді міне, Навальныйға қатысты оқиға күн тәртібіне шықты.

Әр түрлі державалар әрқашан осы процестердің ұйымдастырушысы және қозғаушысы болып келді. 2010 жылдың ортасында АҚШ Ресейге бағытталған орасан зор қысым кампаниясын басқарған алпауыт күшке айналды. Ал Скрипальмен болған жанжал толығымен Ұлыбританиядан бастау алды.

Екі жағдайда да континентальды Еуропа қозғаушы күш ретінде әрекет етті, ол сонымен қатар Мәскеуге қарсы күресте негізгі құрбандықтарға барады деп күтілді. Бұл америкалықтардың қолынан алғаш рет келді: салалық санкциялар мен ресейлік қарсы санкциялардың алмасуы нәтижесінде ең ауыр зардапты Еуроодақ тартты. Алайда, осылай болатыны бұған дейін де болжанған еді, себебі Ресей АҚШ немесе Ұлыбританияға қарағанда, ЕО үшін әлдеқайда маңызды экономикалық серіктес болып саналады.

 


SPUTNIK
Вашингтон неліктен Тегеранға қарсы санкция енгізді?
Еуропа қиын тәжірибеден сабақ алып, бүгінгі күнге дейін жүріп жатқан санкциялық соғысты барлық тарапқа экономикалық тұрғыдан ауыртпалық әкелмейтін шараларды &ndash шексіз тізімдерді толтыру және дипломаттарды ауық-ауық шығарып жіберу түрінде тезірек сіңірді. 

Бұрын батыста антиресейлік науқанның ең ауыр шиеленісті кезеңінде де естілген Мәскеудің тыныштандыратын сыртқы саяси риторикасы ең алдымен, континенталды Еуропаға бағытталған деп болжауға болады. Негізгі міндет еуропалық астаналардың прагматизмі мен ақыл-ойына жүгінумен байланысты еді. 

Енді Еуропа, дәлірек айтқанда, Германия бұған дейін өзінің батыстық ұжымындағы жолдастары жасаған картаны өз бетінше ойнауға шешім қабылдады: ол &ndash бүкіл әлемде өзінің кей мақсаттарына жету үшін орасан зор русофобиялық жанжалды өршіту.

Берлин сонымен бірге, Париж бен Брюссель "орыс" тақырыбын, оның ішінде Навальный мәселесін таныс әрі ыңғайлы құрал ретінде қолданып, бұл комбинация арқылы өздерінің ішкі мәселелерін шешіп жатыр.

Ондаған жыл бойы екінші геосаяси рөлдерде болу, сондай-ақ экономика, "сауда және ғылыми алмасу" мәселелеріне көңіл бөліп келген соң Еуропа күрделі саяси және барлау операцияларын жүзеге асыру дағдыларын жоғалтты. Навальныйға қатысты оқиғаның ақылға сыймайтын сипатқа ие болуы, тіпті блогердің екі рет улануына қатысты жасалған тұжырым осыған айғақ бола алады.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/world/20201017/15220467/Europa-zhaa-antireseylk-sanktsiyalar-shn-zhauap-bere-me.html




Көрілген: 452    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 15:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31