Ресей мен Украина келіссөздерінің екінші кезеңі қашан өтетіні айтылды

02 наурыз 2022, 21:36

Жоғарғы Рададағы "Халық қызметшісі" фракциясының жетекшісі, украин делегациясының мүшесі Давид Арахамия Ресей Федерациясымен келіссөздер сәрсенбі күні өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол Facebook парақшасындағы келіссөздер бола ма деген сұраққа “Болады” деп жауап берді.

Бұған дейін кездесуді ұйымдастырушыларға жақын болған белорус саясаттанушысы Юрий Воскресенский РИА Новостиге Ресей-Украина келіссөздерінің екінші раунды 2 наурызда Беларусьте Польшамен шекаралас жерде өтуі мүмкін екенін айтқан. Келіссөздердің нақты уақыты туралы ақпарат айтылмады.

Сәрсенбі күні Беларусьтің Белта агенттігі ресейлік делегацияның украиналық тараппен келіссөздер өтетін жерге кеткенін хабарлады.