Ресейлік бітімгершілік күштері Қазақстаннан кетті

16 қаңтар 2022, 12:28

Алматыдан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ресейлік бітімгершілік күштері елдеріне оралды. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

 

Мәскеу облысына Ресей Аэроғарыш күштерінің әскери-көлік авиациясының 18 Ил-76 ұшағы ұшып келді. Ресейліктер Мәскеу облысындағы Чкаловский әуежайына қайта оралатыны атап өтілді.

 

ҰҚШҰ бітімгершілік күштері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз миссиясының аяқталғанын жариялағаннан кейін 13 қаңтарда Қазақстаннан кете бастады. Әскерилерді қайтарудың соңғы процесі 19 қаңтарда аяқталуы тиіс.

 

Айта кетсек, Ақтауда 2 қаңтарда автокөлік газы бағасының күрт көтерілуіне байланысты жаппай наразылық басталды. Маңғыстау облысында басталған ереуіл еліміз бойынша жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Осыған орай Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін бітімгершілік миссиясы жіберілді.