Ресейліктер мен өзге де шетелдіктер ЖСН ала алады – Азаматтарға арналған үкімет

27 мамыр 2022, 12:08

Қазақстанға уақытша келген шетелдік азаматтар жеке сәйкестендіру нөмірін офлайн режимде рәсімдей алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ААҚ баспасөз қызметі шетелдіктер еліміздің кез келген қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, ЖСН ала алатынын атап өтті.

«Қазіргі уақытта бұл қызмет онлайн режимде қолжетімсіз. Шетелдіктер бұл қызметті кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, онлайн режимде алуға мүмкіндігі бар», - деп атап өтті мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметінен ҚазАқпарат сауалына орай.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда шетелдіктер үшін ЖСН алу қызметі уақытша тоқтатылды

Бұған дейін eGov сайтында қызметтің техникалық себептерге байланысты қолжетімсіз екенін хабарлаған болатынбыз. Азаматтарға арналған үкімет келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрап, қызметтің таяу аралықта қолжетімді болатынын атап өтеді.