Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ресеймен шекаралас аймақтарға тұмау қаупі төніп тұр

04 ақпан 2011, 10:57

Көрші Ресейде тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфек­ция­лар федерацияның 60-қа жуық әкімшілік аймағына тарап отыр. Осыған байланысты Ресеймен арадағы шекарада санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі маман­­дарының мәліметінше, тыныс алу жол­дары арқылы тарайтын жұқпалы ауру­лар көрсеткіші бүгінде еліміздің Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қос­танай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында эпидемиялық белдеуден асып кетті. Бұлардың дені – Ресеймен шек­тесетін өңірлер. Тұмаумен негізінен 14 жасқа дейінгі балалар ауырып жатыр. Қазіргі уақытта Ресейде тұмау елдің 59 әкімшілік субъектісінде тарап отыр. Бір ғана Мәскеу облысында 350 мектеп карантинге жабылды. Жіті респираторлық вирустық инфекция Омбы және Челябі облыстарында да өршіп тұр. Челябі облы­сын­да төрт адам қайтыс болды. Сол себепті еліміздің Ресеймен шекаралас аймақта­рында санитарлық-карантиндік бақылау күшейтіліп, шекарадан өтуші азаматтардың хал-ахуалы тексеріліп жатыр.