Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

“Reuse. Recycle. Reduce”: Алматыда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті

02 маусым 2023, 14:28

БҰҰ мен Halyk қоршаған ортаны қорғау үшін күш біріктіреді.

Алматыда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында”Reuse. Recycle. Reduce” тұрақты сән және өнер шарасы өтті. Іс-шараны БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі, Біріккен Ұлттар ҰйымыныңҚоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) және елдің жетекші банкі Halyk ұйымдастырып, кеңаудиторияны тартып, қатысушыларды пластикалық ластануға қарсы жаһандық күреске қосылуға шабыттандырды.

Halyk Alañy алаңында өткен шара барысында қонақтар Молдақұл Нарымбетов пен Саид Атабековтің қайта өңделген материалдардан жасалған арт-инсталляцияларының бірегей көрмесін тамашалады. Бұлөнер туындылары пластикті қолдану мен оның қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты түрлі проблемаларды айқын көрсетті. Іс-шараның ең қызықты сәттерінің бірі – жас дизайнерлердің жаңа қағидасы бойынша жасағанкиім топтамасының көрсетілімі болды. Бұл шығармашылық киімдер қоршаған ортаны сақтауға көмектесетін тұрақты сән әлеуетін көрсететін материалдарды қайта пайдалану және қайта өңдеу идеясын жүзеге асырды.

Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі-Стори іс-шара қонақтарына сөйлеген сөзінде: «Біз өнер мен сәннің өзгерістер мен хабардарлықтыарттыру үшін үлкен әлеуеті бар екеніне сенімдіміз. Арт инсталляция көрмесі мен сән көрсетілімдері бізгешығармашылық пен инновация ресурстарды тұрақты пайдалануға және қалдықтарды азайтуға қалай әкелетінін көруге мүмкіндік берді. Пластмассаның ластану қасіреті – бүкіл әлем бойынша әрбірқауымдастыққа әсер ететін көрінетін қауіп. Бізүкіметтер мен бизнестен азаматтық қоғамға дейінгібарлық секторларды шешімдерді табу және қолдау үшінбірігуге шақырамыз. Біз бірге оң өзгерістерге қолжеткізе аламыз және біз үшін және болашақ ұрпақ үшінтұрақты және жасыл болашақ жасай аламыз»,– деді.

Қоршаған ортаны сақтаудағы жеке жауапкершілік пен бірлескен күш-жігердің маңыздылығын Халық банкініңбасқарма төрайымы Үміт Шаяхметова атап өтті:

«Halyk өз қызметін жоғары қаржылық көрсеткіштерге назар аударып қана қоймай, әлеуметтік және экологиялық жауапты Банк болуға ұмтылады. Біз ESG халықаралық стандарттарына сәйкес есебін жариялай бастаған және БҰҰ Жаһандық шартына қосылғаналғашқы қазақстандық банк болдық. Біз “жасыл” несиелеу туралы келісім аясында қаржыландыруды бірінші болып бастадық. Қол жеткізілген жетістіктерүшін мақтанышпен біз осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырамыз және клиенттерімізді, әріптестерімізді және серіктестерімізді жасыл және саналы қоғам құруүшін күш біріктіруге шақырамыз. Біз таңдалғанмақсаттардың дұрыстығына деген сенімділіктен жәнежақсы нәтижеге жетуге ұмтылудан шабыттанамыз. Бүгін біз іс-шараның барлық қонақтарын және тұрақтылық пен қайталама пайдалану тақырыбына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін талантты дизайнерлерді қарсы алуға қуаныштымыз».

Өнер арқылы қайта пайдалану тақырыбын ашу Halyk үшін қалыптасқан дәстүр екенін айта кеткен жөн. 2018 жылы банктің Алматыдағы бас кеңсесінің кіреберісінде утилизацияланған көліктердің бөлшектерінен жасалған Зұлхайнар Қожамқұловтың «Мерген» мүсіндік композициясы орнатылды. Стеймпанк өнер нысаны тарихпен жаңа технологиялардың, көнелік пен қазіргі заманның синтезі идеясын бейнелейді. Мүсін қала пейзажын тамаша толықтырып, тұрғындар мен туристерді қызықтыратын орындардың біріне айналды, ал орындаудың өзіндік техникасы елімізде де, шетелде де кең танымалдыққа ие болды.

Іс-шараның тағы бір маңызды бөлімі – «Jip-Jinamé» клубы ретінде алғаш рет өнер көрсеткен қазақстандық жас өнерпаздардың (Адель Біләлова, Аружан Жұмабек, Дария Нұртаза, Зайнап Балагудинова, Медина Базарғали) өнер көрсетуі.

 «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 2023 – бұлүкіметтерді, жеке секторды және өнеркәсіпті тағы да көбірек инвестициялауға және пластикалық ластануды тоқтату үшін шешімдерді енгізуге шақыру мүмкіндігі. Пластикалық ластану адамзаттың да, планетаның да денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Ол үштікпланеталық дағдарысқа – климаттың өзгеруіне, биоәртүрліліктің жоғалуына, ластануға және қалдықтарға ықпал етеді. Бұл Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінің тақырыбы пластикалық ластануды тоқтатудың және айналмалы экономикалық модельге көшудің мүмкін жолдарын көрсетеді», – деп қорытындылады ЮНЕП Орталық Азиядағы жетекшісі Айдай Құрманова.

 

Биыл 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Дүниежүзілікқоршаған ортаны қорғау күнін бекіткеніне 50 жыл толуда. Жыл сайын әлемде 400 миллион тоннадан астам пластик өндіріледі, оның жартысы бір реттік пайдалануғаарналған. Оның ішінде тек 10 пайызға жуығы қайтаөңделеді. Жыл сайын көлдерде, өзендер мен теңіздерде19-23 миллион тонна пластик жиналады деп есептеледі. Лақтырылған немесе өртенген бір реттік пластик адамденсаулығы мен биоәртүрлілікке зиян келтіреді және тау шыңдарынан мұхит түбіне дейінгі барлық экожүйелерділастайды.

“Reuse. Recycle. Reduce” қазақстандықтардың шабыталуына және пластиктің ластануы проблемасымен күресуге өз үлестерін қосуға мүмкіндік берді. Іс-шара #BeatPlasticPollution халықаралық үндеуінің маңыздылығын растады және әрбір адамның күнделікті өмірінде тұрақты және жауапты шешімдер қабылдау қажеттілігіне назар аударды.