Ринат Заитов айтысқа қатыспақ

23 қазан 2019, 18:14

Еске сала кетсек, Ринат Заитов шілде айындағы 2 айтыстан шектетілген болатын.

Айтыскер ақын Ринат Заитов Ақтөбеде өтетін Орта Азияның ақырғы арыстаны атанған Жалаңтөс баһадүрге арналған айтысқа қатысады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы "Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы" қоғамдық бірлестігі хабарлады.

Айтыс "Өнер орталығында" сағат 16:00-де өтеді. Айтысқа Ринат Зайытовтан басқа Айбек Қалиев, Аспанбек Шұғатаев, Мұхтап Ниязов, Аруна Керімбек, Талғат Мықи, Сырым Әуезхан сынды ақындар қатысады. Кеш соңында Қуандық Рахымның қатысуымен гала концерке ұласады.