Рудныйда 15 жастағы қыз суға батып кетті

30 мамыр 2022, 15:00

29 мамыр күні Рудныйда 15 жастағы қыз суға батып кетті. Бұл туралы Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"19:15-да Тобыл өзенінен жедел-құтқару қызметі 2007 жылы туған жасөспірімнің денесін тауып, судан шығарды", – делінген Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Ведомство мәліметінше, қыз шомылуға арналмаған орында суға түсіп жүріп, 17:15 шамасында батып кеткен. 

"Қыз достарымен бірге жүрген. Бұл аймақтаға суға шомылуға болмайтыны туралы белгі орнатылған", – деп түсіндірді департаменттегілер.