Рудныйда 15 жастағы қыз суға батып кетті

30 мамыр 2022, 15:59

Жасөспірім тыйым салынған жерде суға түскен. Рудныйда 15 жастағы қыз суға батып кетті.
Қайғылы оқиға жексенбі, 29 мамырда болған. Бұл туралы Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
 
"Сағат 19:15-те Тобыл өзеніндегі Парковая көшесінің әкімшілік аумағында 2007 жылы туған жасөспірімнің денесі табылды. Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының күшімен судан шығарылды",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
 
Полицияның мәліметінше, қыз тыйым салынған жерде суға түсіп, шамамен 17:15-те батып кеткен.
"Ол достарымен бірге болған. Судың осы учаскесінде шомылуға тыйым салынғаны туралы белгі орнатылған", - деп нақтылады департамент мамандары.
Семейлік полицейлер суға батып кете жаздаған ер адамды құтқарды