Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Руслан Желдібай журналист Козачковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

19 желтоқсан 2022, 15:02

Қасым-Жомарт Тоқаевтің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай белгілі журналист Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады.

Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті.

Қазақстан азаматы ретінде журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс", деп жазды Руслан Желдібай.

 

Еске салсақ, Михаил Козачков  ұйымдасқан қылмыстық топқа рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген.