«Саған ұнайды, дымыңды шығарма»: Ақтаудан Алматыға бара жатқан пойызда ер адам жас қызды зорлаған

19 желтоқсан 2022, 23:06

Ақтаудан Алматыға кетіп бара жатқан пойыздың ішінде 55 жастағы ер адам жас қызды зорлаған. Бұл туралы “Немолчи” қорының басшысы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бастапқыда, егде жастағы ер адаммен бір купеге түсіп қалған жас қызға ер адам әртүрлі үятсыз қалжыңдар айтып, артынша тәтті алып беріп алдаған. Қыз бұған мән бермеуге тырысқан. Дегенмен ер адам түнгі уақытта қызға зорлық көрсетіпті. 

“Егде жастағы ер адам ұятсыз қалжыңдар айтқан кезде, қыздың оның бетін қайырып тастауға тәрбиесі жетпепті. Кейін пойыз тоқтаған кезде ол қызға шоколад алып береді. Қыз болған жағдай туралы күйеуі мен әпкесіне айтып берген, олар қатты алаңдапты. Бастапқы түні барлығы жақсы болған. Алайда ертесі күні күндіз ер адам есікті бекітіп, қыздың ауызын жастықпен жауып, қызды зорлаған. Оған қоса қыздың құлағына сыбырлап, “Саған ұнайды, дымыңды шығарма” деп айтқан. Шал жасарын жасаған, қыз сыртқа қашып шығып, денесіндегі зорлық белгілерін жууға тырысқан. Артынша қыз ешкімге ешнәрсе айтпай, басқа босаған купеге ауысып кетіпті. Күйеуіне әпкесі шұғыл түрде Тараздан күтіп алаты туралы айтып, өзін бір кесек ет сияқты сезініп тұрғанын жазады. Ол одан артық ештеңе айта алмағанын, бірақ күйеуі бәрін бірден түсінген. Оны әпкесі Тараздан қарсы алып алып, іс қозғалды”, – деп түсіндірді Дина Таңсәрі оқиғаны.

Елімізде қатты қарсылық көрсетпеген әйелмен болған жыныстық қатынас зорлық деп есептелмейтінін алға тартты Дина Таңсәрі.

“Кейбір жағдайларда әйел материалдық қолдау алу үшін жыныстық зорлық туралы хабарланды деп зардап шегушінің өзіне кінә артады. Оған қоса бұл қыздың жағдайында барлығы жабық жерде және адамдарға жақын жерде болғандықтан, зорлық деп табу қиын мәселе. Сонымен қатар, қыз жақында ғана үйленгенін ескерген жөн. Ол басқа да зорлық-зомбылық құрбандары сияқты күйеуімен қарым-қатынасы үшін қатты алаңдаған. Бірақ оңың күйеуі мен отбасы түсіністік танытып, қызды толықтай қолдаған. Ал жеңгесі жәбірленушімен барлық тергеу шараларын жүргізді”, – дейді Дина Таңсәрі.

Сот-медициналық сараптамада биологиялық материалдар болған. Қыздың денесіндегі гематомалар туралы ақпарат та жазылып, қыздың мойнындағы зорлық іздері сызғышпен мұқият өлшенген. Алайда бұл ақппараттар белгісіз жағдайда жоғалып кетеді. Бірақ жеңгесі мен жәбірленуші бұл жағдайды егжей-тегжейлі сипаттап берген. Алайда, сот жәбірленуші мен жеңгесінің айғақтарын қабылдаудан бас тартты.

“Шалқарлық судья Исабек Д.Қ. күдіктіні кінәсіз деп табады. Іс қазақ тілінде жүргізілгенімен, тергеу орыс тілінде болған. Екіншіден, сотталушы өз кінәсін толық мойындап, процессуалдық келісім жасасты. Қыздың қорғаушысы ақшаны тез алу үшін бұл шешіммен келіскен. Сотталушы жәбірленушіге 1,5 миллион теңгені толық төлеген. Үшіншіден, сотталушының адвокаттары бірнеше рет адвокаттық этиканы бұзып, жас қызды жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетін төмендететін сұрақтарға жауап беруге мәжбүрлеген”, – дейді Дина Таңсәрі.

Екеуі процессуалдық келісімге келген соң, үш рет кездесуден кейін сотталушы шешімнен бас тартып, ол бұған келіспейтінін, бүйрегі ауырғандықтан, емделуі керек болған соң осылай айтқанын, шын мәнінде қызды зорламағанын, керісінше, қыз өзін зорлағанын айтады. Осының бәрінен кейін судья дәлелдердің жеткіліксіздігін алға тартып, ақтау үкімін шығарады.

Оқиғаға қатысты Ақтөбе облыстық соты түсініктеме берді. 

“Ақтөбе облысы Шалқар аудандық сотында Ш.-ға 120-баптың 1-бөлігі (зорлау) бойынша айып тағылған қылмыстық іс қаралды.  Іс материалдарын зерделеу кезінде Ш.-ға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жәбірленушінің арызынсыз басталғаны анықталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 112-бабына сәйкес, заң талаптары елеулі түрде бұзылған жағдайда, жиналған нақты деректер дәлел ретінде қарауға жол берілмейтін деп тануға жатады.

Осыған байланысты сот жәбірленушінің арызына дейін қабылданған тергеу әрекеттері мен шешімдерін заңсыз деп таныды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 23-бабына сәйкес, сотталушыға тағылған айыпты растайтын дәлелдемелерді ұсыну міндеті айыптаушыға жүктеледі.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленуші мен сотталушының дене жарақаттары анықталған жоқ. Сотталушының жағдайы жақсы болған. Жәбірленушінің айғақтарын растайтін куәгерлер  анықталмады. Соттың 12.12.2022 жылғы үкімімен Ш.-ның қылмыс жасағаны туралы айғақтардың болмауына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталған бұзушылықтар фактісі бойынша прокурор мен полицияға жеке қаулылар шығарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Тараптар келіспеген жағдайда үкімді жоғары тұрған сотқа шағымдануға құқылы”, – делінген соттың хабарламасында.