Ел жаңалықтары

Сағынтаев Алматыдағы эпидахуалдың күрделі болса да бақылауда екенін айтты

  • Сағынтаев Алматыдағы эпидахуалдың күрделі болса да бақылауда екенін айтты

    Сағынтаев Алматыдағы эпидахуалдың күрделі болса да бақылауда екенін айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуі және КВИ дертінің асқынуы туралы хабарлады, вирустың таралуына қарсы тұру үшін қалалықтарды белсенді түрде вакциналануға шақырды.

 «КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал соңғы аптада айтарлықтай нашарлады. 23 шілдеден бастап КВИ-ді күнделікті тіркеу 1мың жағдайдан асты. Егер 23 шілдеде 1 080 жағдай тіркелсе, 27 шілдеде тіркелгені – 1 250. Жыл басынан бері КВИ жағдайларының жалпы саны 75153 болса, ал шілденің басынан бері 16911 жағдайға жетті», - делінген қалалық әкімдіктің баспасөз хабарламасында.
Апта ішінде науқастар саны 1,2 есеге өсті – 5483 жағдайдан 6818-ге дейін, тәуліктік өсім 1,3%-ды құрады. Симптомды науқастардың үлес салмағы баяулап, 90% деңгейінде қалды. Осылайша, шілдеде базалық сценарий бойынша болжанған 27,5 мың жағдай тіркеліп эпидемиологиялық жағдай расталды.

«Алматы қаласының тұрғындарын вакцинамен қамтуға қатысты 27 шілдедегі жағдай бойынша I компонентті алғандар саны – с49,9%, II компонентті алғандар – халықтың ресми саны бойынша 33,6%-ды құрады. Алайда, бұл COVID-19 «дельта» нұсқасынан туындаған эпидемияның кезекті толқынын тұрақтандыру үшін әлі де жеткіліксіз», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, соңғы 2 аптадағы жас құрамыны талдау мынаны көрсетеді, 1 жасқа дейінгі балалар дертінің өсуі жалғасуда – 0,3%, 2,8% құрайды. Өткен аптада 135 бала дертке шалдықса қазір олардың саны – 178 балаға артты. КВИ дерті 20-дан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында – 38%, 40-59 жаста – 25% және 60 жастан асқан адамдарда 20%-ға басым.

Осыған орай, Б. Сағынтаев алматылықтар мен қала қонақтарын КВИ-ге қарсы екпе алып, сақтық пен жауапкершілік танытуға шақырды. Тек екпе алу арқылы ғана өміріміз бен денсаулығымызды сақтай аламыз. Ең бастысы, вакциналанған қалалықтар өздерінің жақындары мен айналасындағылардың – достарының, әріптестері мен таныстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.07.2021, 02:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30