Ел жаңалықтары

Сағынтаев Алматының бас полицейіне ескерту жасады

  • Сағынтаев Алматының бас полицейіне ескерту жасады

    Сағынтаев Алматының бас полицейіне ескерту жасады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың бас полицейіне - Полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевқа ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


17 қазанда кешкі уақытта Бақытжан Сағынтаев еш ескертусіз "Атакентте", "Мерей" СО, Көкбазарда, Арбатта, Меңдіқұлов - Бектұров көшелерінің бұрышында, Ганди саябағында орналасқан мобиль пункттерді тексерді. Тексеру нәтижесін қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.


"Полицияның мобильді постылары жөніндегі бастаманы жақсы қабылдаған қалалықтар өз жазбаларында учаскелік инспекторлардың постылардан көрінбейтініне шағымдануда. Олардың тек біреуінде ғана учаскелік инспектор болды. Ал қалғандарында жарық жанғанымен, кезекші болған жоқ, полиция қызметкерінің орнына СО-ның күзетшілері отырды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бұлайша немқұрайды қарауға болмайды! Сондықтан бүгін аппараттық жиында қаланың ПД-нің басшысы Серік Күдебаевқа ескерту жасадым. Медеу, Алмалы, Бостандық, Жетісу аудандарының полиция басшыларына сөгіс жариялауды тапсырдым. Аудан әкімдеріне де бақылаудың жоқтығы үшін ескерту айтылды. Атқарылатын жұмыстар жөнінде қалалықтардың ескертулері назарға алынады. Алматылықтардың қауіпсіздігі - біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі", - деп жазды қала басшысы.




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 15:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31