Ел жаңалықтары

Сағынтаев кесілген жасыл желектің орнына ағаш егу жұмыстарын бақылауды тапсырды

  • Сағынтаев кесілген жасыл желектің орнына ағаш егу жұмыстарын бақылауды тапсырды

    Сағынтаев кесілген жасыл желектің орнына ағаш егу жұмыстарын бақылауды тапсырды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев экономика басқармасына мәжбүрлі түрде кесілген жасыл желектің орнына өтемдік негізде ағаш егу жұмыстарын бақылауды тапсырды.  

Қала басшысы Үлкен Алматы мен Ақсай өзендері бассейндеріндегі бөгеттердің құрылыс алаңдарын қарап шықты. Оның мақсаты — қаланы селден қорғау. Бұл өзендердің бассейндерінде, тауларда қауіпті үш мореналық көл бар.

Сағынтаев құрылыс жұмыстары кезінде қозғалысқа шектеу қойылуы мүмкін екенін ескертті.

"Жасыл экономика басқармасына жұртшылықпен бірлесіп, мәжбүрлі түрде кесілген жасыл желектің орнына өтемдік негізде ағаш егу жұмыстарын бақылауды тапсырдым", - деп жазды әкім Instagram парақшасында.
Сонымен қатар, Сағынтаев жұмыс сапары кезінде жағалауы қайта жөндеуден өтіп, маңайы абаттандырылып жатқан Есентай, Тіксай, Жарбұлақ өзендеріндегі жұмыс барысын көріп қайтты.

"Гидротехникалық құрылысты қоса алғанда, өзен арналары ретке келтірілмек. Жағалаулар габионмен нығайтылып, қараусыз қалған учаскелерде жаяу жүргіншілерге арналған жолы бар жаңа қоғамдық кеңістік құрылады. Жүруге ыңғайлы жол жабындысы төселіп, қойылатын орындықтардың табиғи материалдан болуына мән бердім", - деп түйіндеді қала басшысы.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/regions/20210305/16462991/Sayntaev-zhasyl-zhelek-agash.html




Көрілген: 274    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 14:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30