Ел жаңалықтары

«Самұрық-Қазынаның» қаражатын «бәске» тіккен азамат ұсталды

  • «Самұрық-Қазынаның» қаражатын «бәске» тіккен азамат ұсталды

    «Самұрық-Қазынаның» қаражатын «бәске» тіккен азамат ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Kcell Solutions» ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорына қатысты қылмыстық істі анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалған құжаттарды пайдалану арқылы жалпы соммасы 450 миллион теңге компанияның сенiп тапсырылған мүлкiн аса ірі көлемде жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі жүргізілуде.

Тергеу кезінде анықталғандай, компанияның бұрынғы қаржы директоры 2018 жылдың ақпан айы мен 2021 жылдың сәуір айы аралығында 258 миллион теңге қаражатты 5 компанияның есепшотына алдын ала түзілген жалған келісімшарттар мен бухгалтерлік құжаттар негізінде және өзінің айлық есепшотына негізсіз 192 миллион теңгені аударып, нәтижесінде қолма-қол ақшаға айналдырып жымқырған.

Осылайша меншікке қарсы қылмыстық құқықбұзушылық жасап, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіретін «Қазақтелеком» АҚ-ға тиесілі «Кселл» АҚ-ға аса ірі мөлшерде залал келтірген.

Күдікті азамат жымқырған ақшаны PariMatch және Олимп букмекерлік кеңселерінде ұтылған.

Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жалғасуда.




Көрілген: 338    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.12.2021, 18:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 01:51
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31