"Саран" шахтасынан 350 кенші эвакуацияланды

12 наурыз 2021, 13:14

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта апатты жою және себептерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде
"Саран" шахтасында 350 жұмысшы эвакуацияланды.

"2021 жылы 12 наурызда үшінші ауысымда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ КД "Саран" шахтасында көлбеу конвейерлік квершлагта өрт шықты", - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Апатты жою жоспары дереу енгізілді және КӘАҚҚ РОШ бөлімшелері шақырылды. Апат орын алған шахтадағы 348 жұмысшы жер бетіне лезде шығарылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта апатты жою және себептерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.