Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сарыағаштық полицейлер пәтерден ақша ұрлаған ұрыны ұстады

08 тамыз 2022, 09:54

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын пәтер ұрлығы жөнінде шағым түсірді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйіне белгісіз біреу кіріп, жатын бөлмесінде тұрған 1 500 000 теңге ақшасы мен 600 АҚШ долларын ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркелді.

Ұрлықты ашу мақсатында сарыағаштық тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан сұрастырды, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді. 3 күн бойы жан-жақты жинақталған мәліметтер мен табылған айғақты заттарды саралай келе, тәртіп сақшылары қылмысқа күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады.

Белгілі болғандай, үй ұрысы жәбірленушінің үйіне түнгі уақытта терезе арқылы кіріп, ақшаны жымқырып кеткен. Сондай-ақ күдікті өзгенің ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі уақытта күдікті жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Үйден аз уақытқа шықсаңыз да сыртқы есіктер мен терезелерді мықтап бекітіп жүріңіз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі