Ел жаңалықтары

Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 55 адамға сот үкімі шықты

  • Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 55 адамға сот үкімі шықты

    Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 55 адамға сот үкімі шықты

Қарағанды облысының ювеналды сотында Сәтбаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 55 адамға қатысты үкім шықты. Олар екі қылмыстық бап - «жаппай тәртіпсіздік» және «билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық» бойынша кінәлі деп танылды.

 
Сотталушылар айыптаушы таққан айыпты мойындап, прокурордың соттан сұраған жазасымен келісті. Тоғыз адам үш жылға бас бостандығынан айырылса, тағы 44 сотталушы төрт жылға шартты түрде жаза алды. Қалған екі адамн бір жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сотта 49 ер адам мен 6 әйелге қатысты іс қаралды. Сотталушылардың үшеуі жаппай тәртіпсіздік болған кезде 18 жасқа толмаған еді.

Еске салайық, Сәтбаев қаласындағы оқиға былтыр 23 шілде түнгі уақытта болған еді. Алдымен жоғалып кеткен 5 жасар қызды бүкіл қала болып іздеген. Кейін кішкентай қыз қаладағы пәтерлердің бірінен табылды. Оның жанында ересек ер адам болған. Күдіктінің үстінен «адам ұрлау» және «кішкентай баланы зорлау» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ал қала тұрғындары болса полицейлерден күдікті ер адамды беруді талап етіп, тәртіпсіздік жасады. Салдарынан үш автокөлік өртеніп, бірнешеуіне зақым келген.

2020 жылдың 6 қазанында Қарағанды қаласының тергеу изоляторында күдіктінің өлі денесі табылды. Ол өз-өзіне қол салған.




Көрілген: 783    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 14:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30