Ел жаңалықтары

"Саясаткерлер мен фармацевтикалық компаниялар ойдан шығарғаны": Неге қазақстандықтар коронавирусқа сенбейді

  • "Саясаткерлер мен фармацевтикалық компаниялар ойдан шығарғаны": Неге қазақстандықтар коронавирусқа сенбейді

Былтырдан бері дүниежүзі халқының өмірі өзгергенімен, көптеген қазақстандықтар әлі күнге дейін COVID-19 бар екеніне сенбейді. Олардың пікірінше, вирустың қарапайым "суық тигізу" ауруынан ауырмашылығы жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент тұрғыны Талғат Әбдінәбиев COVID-ды – саясаткерлер мен фармацевтикалық компаниялар ойдан шығарғанына сенімді. Өкпенің қабынуынан болатын өлімнің жоғары деңгейі және ауруханалардың жанындағы жедел жәрдемнің кезегі оны керісінше сендірмейді.

 
"Пневмония бұрын да болған. Менің ойымша, бұл ауру жай ғана белсенді бола бастады және мұның бәрі қолдан жасалады. Бұл менің жеке пікірім. Есіңізде ме, тікұшақтардан шашыратып, зарарсыздандырды деген қаншама қауесеттер мен видеолар болды? Адамдардың ешқайсысы бұған сенбеді және тыныш өмір сүрді. Бірақ содан кейін пневмония пайда болды. Бастапқыда барлығы тек ковид туралы айтатын", - деді Талғат Әбдінәбиев.

Әлеуметтік желі қолданушылары да COVID және вакцинаға сенбейтіндері туралы жазады. Адамдар әлі де бетперде тартудан бас тартады, той жасайды, қоғамдық орындарға барады. Дәрігерлер де коронавирусты жоққа шығарушылармен жиі кездеседі, бірақ мұндай ұстанымдағы адамдар саны күн сайын азайып жатқанын да жасырмайды.

"Барлық емханаларда психологтар жұмыс істейді. Біз, мамандар ретінде бұл мәселе туралы ойладық. Біз сұрадық: "Неге?». Біз фактілерді келтіреміз, көрсетеміз, бұл бүкіл әлемде өршіп тұр, өлгендер көп", - деді Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Пазылов.

Коронавирусқа сенбейтіндердің лақап аты бар екен - ковидиоттар. Оларды өздері ауырған немесе коронавирустың салдарынан жақындарынан айырылған адамдар осылай атайды. Дәрігерлер мен психологтар болса адамдар коронавирусты қорыққан оны мойындамайды деп санайды. 




Көрілген: 457    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 14:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31