Саясаттанушы: қазақстандықтар өз мүдделерінің жаңа өкілдерін сайлай алады

22 қаңтар 2023, 12:27

Саясаттанушы Никита Шаталов Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының алдағы кезектентыс сайлауына қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«19 наурызда қоғам өз мүдделерінің жаңа өкілдерін – қазақстандықтардың сұранысын, мүдделері мен үмітін ақтайтын адамдарды таңдайды. Сонымен қатар, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында мерзімінен бұрын сайлау болатыны туралы 1 қыркүйекте белгілі болды. Күтпеген жағдай деуге келмейді, бірінші рет барлығына дайындыққа алты ай берілді. Яғни бұл оппозиция жолындағы кедергілердің жоқтығын көрсетеді», – деді Никита Шаталов агенттікке берген пікірінде.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда Президент жетінші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы шығарды. Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 наурызға Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады.