Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиев өмірден озды

21 желтоқсан 2021, 16:03

Қазақстандық саясаттанушы, публицист Сұлтанбек Сұлтанғалиев қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан халық партиясынан сайланған мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Достар, біздің досымыз, серіктесіміз, партиямыздың негізін қалаушылардың бірі Сұлтанбек Сұлтанғалиев дүниеден өтті... Ол ұзақ уақыт ауырып, алғашқы инсульттан кейін айыға алмады", - деп жазды Қоңыров.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, Сұлтанбек Сұлтанғалиев 1976 жылы 16 сәуірде Орал қаласында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих және құқық факультетін бітірген. Еңбек жолын мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Соңғы жылдары ол Rezonans.kz ақпараттық-сараптамалық порталының бас редакторы болды.